Бұл іс-шара мүгедектігі бар әйелдердің көшбасшылары мен ұйымдарының әлеуетін арттыруға бағытталған, Еуропалық Одақтың қолдауымен Қазақстанның мүгедектігі бар әйелдеріне арналған «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» ҚБ бір жарым жылдық жобасындағы қорытынды іс-шара болды. Жоба Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Халықаралық ҮЕҰ зерттеу және оқыту орталығымен (ИНТРАК) бірлесіп «Шырақ» ассоциациясымен жүзеге асырылды. Жоба аясында Қазақстанның 14 үкіметтік емес ұйымдарынан тұратын мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының желісі құрылды.
Семинар жұмысын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Вице-министрі Серік Ахметов, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілі Хьюберт Пети, Халықаралық Үкіметтік емес ұйымдарды зерттеу және оқыту орталығының (ИНТРАК) Орталық Азия бойынша бағдарламасының жетекшісі Чарльз Бакстон, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясының төрайымы Ләззат Қалтаева ашты.
Семинарға Мүгедектігі бар әйелдердің көшбасшылары мен ұйымдары желісінің Солтүстік-Шығыс және Батыс кластерінің мүше ұйымдары қатысты. Олар екі күн бойына көшбасшылық пен менеджмент мәселелерін, үкіметтік емес сектордағы, мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарындағы жұмыс ерекшеліктерін қарады, өз ұйымдарындағы адам ресурстарын басқарудағы аса тиімді үлгілерін белгілеп алды. Сонымен қатар, белсенді түрде тәжірибемен алмасу өтті, қатардағы мүшелермен жұмысты жандандыруда басшылар мен менеджерлер жиі кездесетін проблемалары талқыланды.
Мәселен, Астана қ. семинарда «Павлодар облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ жетекшісі Георгий Четвериков ұйым филиалдарымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті, «Үміт-Надежда» Аруна Жаксагулова Қостанай қ. автошеру өткізудегі және тәуелсіз өмір орталығының жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас тәжірибесі туралы әңгімеледі. «Алтын-Ай»ҚБ (Өскемен қ.), «Астана қаласының мүгедек балалар қауымдастығы» ҚБ мүшелері мен т.б. қатысушылары ҮЕҰ басқаруды ұйымдастыруға өз пікірлерін білдірді.
Атырау қ. семинарда қатысушылардың көзқарасы бойынша жұмысқа орналасу, қандай бір мамандыққа оқу, пандустың жоқтығына байланысты арбадағы мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық саланың көптеген нысандарына кіре алмайтын қол жеткізе алмаушылық сияқты көкейкесті мәселелері көтерілді. Мүгедек арбаларын бергенде табиғи мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өтініштерін ескеру жөнінде ұсыныс жасалды. Ал арба орнына оның құны қолма-қол төленсе тіпті жақсы болар еді. Сонда арба аламын деген адам, мүмкін жетпеген ақшасын өзі қосып, қалауына қарай ұтқыр және пайдалануға, тасымалдауға өте ыңғайлы өзіне ұнаған арбасын алар еді. Мұнда ұйымның белсенді мүшесі Каиркулов Қымбатпен болған жағдай қайталанбаса деген ой. Өйткені оған баумен байланатын арнайы аяқ киім әзірленген болады, алайда ол әйелдің бір ғана қолы болғандықтан ол бұл аяқ киімді қайтсе де пайдалана алмайтын. – Біздің бірлестікте «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» аясында қандай да бір мамандықтың иесі болуға ниет білдірген мүгедек жандар жеткілікті, – дейді Орал қ. «Арба»Тірек-қозғалыс қызметі бұзылған мүгедектерді қолдау қоғамының жетекшісі Гүлмира Батпакулова. – Алайда, заңда мүгедектер бағдарламаға қатысушы бола алады деп арнайы жолмен жазылған жазу жоқ деген себептермен қатыстырмайды. Біздің ойымызша, егер адам арбада отырса, ол міндетті түрде күнін көре алмайды, жұмыс істей алмайды және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, қоғамға пайда келтіре алмайды деген бекер сөз.
«Мүгедек әлемі» ҚБ жетекшісі Күлбаршын Нұржігітованың айтуы бойынша, семинарда оған қатысушылар басқа қалада мүгедектерді оңалтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асырылатыны туралы білді. Сонымен қатар, өздерінің жұмысқа, оқуға, сауықтыру демалысына және т.б.с.с. заңды құқықтарына қатысты мәселелерін шеше алғаны жөнінде бөлісіп жатты.
Семинардың қорытындысында сертификаттар табыс етілді және семинарға қатысушылардың барлығына белсенділік танытқаны үшін алғыс білдірілді.