|
Жаңалықтар
Компания науқасына ем қонбайтын балаларға 23 млн теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектерді тегін ұсынды
Алматы мүгедектер қауымдастығына инватакси сыйлады
Ақтаулық мүгедек спортшылар биіктен көріне білді
Архив
Сауалдама Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?
|
Қамқоршылық кеңесі
«Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ереже
- Қамқоршылық Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ алқалық басқару нысандарының бірі болып табылады.
- Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені және «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ Жарғысын басшылыққа алады.
- Кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы ақысыз тегін негізде жүргізіледі.
Кеңес құрамы
- Кеңес мүшелерінің құрамы және олардың саны Кеңес Төрағасымен бекітіледі.
- Кеңес құрамына Төраға, Тең Төраға, хатшы және оның мүшелері кіреді
- Кеңес құрамына: Қоғам мүшелерінің туыстары, әлеуметтік әріптестер, қоғамдық ұйымдар, қорлар, қауымдастықтар, демеушілер өкілдері кіре алады.
- Кеңес құрамы 3 жыл мерзіміне сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына кейбір өзгертілер енгізілуі мүмкін.
Кеңес мәжілісі
- Кеңес мәжілісін оның Төрағасы немесе Тең Төрағасы жүргізеді.
- Кеңес мәжілістерінде, Төрағаның келісімімен, оның мүшесі емес мүдделі тұлғалар қатысуына құқылы.
- Кеңес мәжілісі жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ жылына кем дегенде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс мәжілістер қажеттігі бойынша Кеңес Төрағасының шешімі бойынша немесе Кеңес мүшелерінің үштен бір бөлігінің талабы бойынша өткізіледі.
- Егер мәжілісте оның 2/3 мүшелері қатысқан жағдайда, Кеңес шешім қабылдауға құқықты. Кеңес шешімі қатысушы мүшелердің басым көпшілігінің ашық дауыс беруімен қабылданады.
Кеңес қызметінің мақсаты:
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- Жүргізілетін қызметтердің, іс-шаралардың және міндет жобаларының, ұйымдастырушылық пен рухани-этикалық нормаларының сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Құқықтарын қорғау және мүдделерін алға жүргізу мақсатында «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ ұжымы мен оның мүшелеріне қажетті жағдай жасау;
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ қаржылық қолдау көрсетуін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ әрі қарай дамуына жәрдемдесу;
- Ө қызметін кәсіпкерлік саласында жүргізетін ұйымдармен, мемлекеттік үкімет органы және азаматтық даму секторының өкілдерімен байланысты нығайту.
Кеңес құзыреті:
- Кеңес «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен, мемлекеттік үкімет органы өкілдерімен және өзге де тұлғалармен байланысты нығайту шараларын қабылдайды;
- Өзіне жүктелген міндетті орындау мақсатында атқарушы органнан қажетті құжаттар мен ақпараттарды алады;
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар мен кеңестер береді;
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жұмысына қатысты мәселелері жөніндегі Кеңеске келіп түскен арыз-өтініштерді қарайды;
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жұмысында рухани-этикалық нормаларының сақталуына бақылау жасайды;
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қосымша интелектуалдық және материалдық ресурстарды тартады;
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ өткізетін барлық іс-шараларға қатысады.
Кеңес өкілеттігі:
- Кеңес туралы ережені бекітеді;
- Ұйымның дамуына стратегиялық маңызы бар «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ атқарушы органының шешімдерін бекітеді.
Кеңес қызметінің тоқтауы:
- Кеңестің бастамасы бойынша.
- «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ таратылған және қайта құрылған жағдайда.
|
|
 |
| |
 |
"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер
Ассоциациясы" Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050040,Қазахстан, Алматы,Коктем-1 ықш-ауд, 26 үй, 3 пәтер
Тел./факс: +7 727 3953075, +7 727 3006561
Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года |
 |
Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
Адрес: 050040, г. Алматы, мкр. Коктем-1, д. 26, кв. 3
Тел./факс: +7 727 3953075, +7 727 3006561
Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Дата регистрации: 04.12.2001 года |
 |
Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
Address: mkr. Koktem-1, d. 26, kv. 3, Almaty 050040,
Kazakhstan
Tel./fax: +7 727 3953075, +7 727 3006561
E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
Web: www.shyrak.kz
Date of incorporation: 4 December 2001 |
|
Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді
|
|