«Баланс +» әлеуметтік кәсіпорны 2008 жылы «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» ҚБ жанынан құрылған. «Баланс +» Алматы қаласы мен Алматы облысының орта және шағын бизнесіне орталықтандырылған бухгалтерия қызметін көрсетеді. Кәсіпорында бухгалтер мен экономист дипломдары бар «Шырақ» ассоциациясының мүшелері - мүгедектігі бар 6 жас қыз-келіншек жұмыс істейді.
Осындай кәсіпорынды құру ойы бұрыннан пайда болған. Біріншіден, мүгедектігі бар әйелдерді жұмысқа орналастыру біздің ұйымның басты стратегиясының бірі болып табылады. Екіншіден, «Шырақ» Ассоциациясына қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін табыс әкелетін қызметті дамыту қажет болған, ол да ұйымның басты стратегиясының бірі болып есептеледі.
2008 жылы «Шырақ» төрайымы Ләззат Калтаева Жапон Даму агенттігінің (JICA) «Мүгедектігі бар адамдарды еңбекпен оңалту» 1,5-айлық оқыту курстарын аяқтады. Жапонияда оқығаны және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі алған тәжірибесінің нәтижесі ретінде ол «Bridge» жобасын әзірледі, онда мүгедектігі бар әйелдердің халыққа білікті қызмет көрсетуіне аса көңіл бөлінген ол жоба жұмысқа орналастыру үлгісін құруға бағытталған болатын.
Осы жобаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті бастау үшін қажетті бастапқы қаражат пен қорларды тарту жөніндегі жоспар әзірленді. Алғашқы компьютерлер «БанкЦентрКредит» АҚ мен «БТА» АҚ сыйға тартылды. Жаңа компьютерлерді, 1С-Бухгалтерия бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алу, жарнаманы орналастыру Каунтерпарт Консорциум Инк. «PRIDE» бағдарламасы аясында пайызсыз займ есебінен жүргізілді.
Қазіргі уақытта «Баланс +» әлеуметтік кәсіпорнында дипломдары бар мамандар мүгедектігі бар 6 әйел жұмыс істейді.
«Баланс +» қоғамдық бірлестіктерге, ЖШС және ЖК келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
- бухгалтерлік есебін жүргізу;
- салық және статистика органдарына есеп дайындау және өткізу;
- салық заңдары саласында кеңес беру қызметтерін көрсету;
- ұйымның есептік саясаты мен есептік салық саясатын әзірлеу.